04
маусым
2026
«Рәміздер күні – патриоттық рух мерекесі»

Бүгін лагерьде Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Таңертең барлық балалар ақ футболка киіп, салтанатты түрде сапқа тұрды. Оң қолымызды жүрегімізге қойып, еліміздің Әнұранын орындадық. Бұл сәт балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етті.
Одан кейін балалармен бірге таңғы жаттығу жасалып, көтеріңкі көңіл күйде күнді бастадық. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздер туралы әңгіме жүргізіліп, олардың маңызы түсіндірілді. Балалар Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны тақырыбында суреттер салып, оларды түрлі түстермен әсемдеп бояды.
Сонымен қатар, әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, балалар белсенді қатысты. Олар ұйымшылдық танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Күн өте көңілді әрі танымдық бағытта өтті. Балалар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін толықтырып, жақсы әсер алды. Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған іс-шара өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні зор болды.Семей қаласы #Адал_азамат_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Семей